Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында тұрып қалды – полиция мән-жайды айтты
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркістан халықаралық әуежайында техникалық ақауға байланысты ұшақ ұшу-қону жолағында тұрып қалды. Оқиға 2026 жылғы 11 қыркүйек, жұма күні болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тараған. Куәгерлердің айтуынша, әуе кемесі қозғалысын уақытында жалғастыра алмаған. Осыдан кейін оқиға орнына әуежайдың тиісті қызметтері мен техникалық мамандар жедел жеткен.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға болғанын растады. Ведомство жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.
"11 қыркүйекте Түркістан әуежайында әуе кемелерінің бірінде ұшу жолағында техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомство.
Әзірше ресми органдар әуе кемесінің қай әуе компаниясына тиесілі екенін және қандай рейсті орындағанын нақтылаған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript