"F1" фильмі Apple компаниясының ең табысты туындысы атанды

"F1" фильмі Apple компаниясының ең табысты туындысы атанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 12:36 Сурет: Instagram/f1movie
Америкалық режиссер Джозеф Косинскидің спорттық драма жанрындағы Брэд Питт басты рөлде ойнаған "F1" фильмі Apple компаниясының ең табысты фильміне айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Variety басылымының мәліметінше, бұл фильм әлемдік прокатта 10 күн ішінде 293 миллион доллар табыс тапқан. Брэд Питт "Формула-1" ардагерінің рөлін сомдайтын бұл туынды маусым айының соңында жарық көріп, АҚШ-та 57 миллион, әлем бойынша 146 миллион доллар жинап, студия үшін рекорд орнатты.

Бұл драма Мартин Скорсезенің "Убийц цветочной луны" (158 млн доллар) және Ридли Скоттың "Наполеон" (221 млн доллар) фильмдерінен асып түсті. Басылым Apple компаниясының бұған дейінгі "Аргайл: Супершпион" (96 млн) және "Покажи мне Луну" (42 млн) секілді сәтсіз жобаларымен салыстырғанда, бұл жетістікті ерекше атап өтті.

Бұған дейін Қытайдағы кинофестивальде қазақстандық актер "Үздік актер" жүлдесін иеленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: