БҰҰ: Әлемде үйсіз жандардың саны 300 млн-нан асты

БҰҰ: Әлемде үйсіз жандардың саны 300 млн-нан асты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 12:49 Сурет: pixabay
Әлемде 300 млн-нан астам жан үйсіз жүр. Бұл - БҰҰ келтірген мәлімет.

Оған сай, 1 миллиардтан астам адам трущобаларда тұрады. Ұйымның дерегінше, тағы 2 млрд 800 млн адам үй деп айтуға келмейтін бейресми паналарда тұруға мәжбүр.

Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен. Найробиде өткен жиында ұйым өкілдері Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның суға қол жеткізе алмай, санитарлық қажеттіліктері өтелмей отырғанын да атап өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Әлем елдерін бұл мәселелердің шешімін бірлесе табуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: