Италияда көз жұмған егде ер адам дәрігерлердің көзінше тіріліп кетті

Жедел жәрдем, Италия, ер адам, инфаркт, көз жұму, тірілу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 22:27 Сурет: pixabay
78 жастағы итальяндық өзінің туған ауылы - Тарквинияда қатарынан екі рет инфаркт ұстап, қайтыс болды. Бірақ дәрігерлер кісі өлімі фактісін тіркегеннен кейін күтпеген жерден ол "қайта тірілген", деп хабарлайды Zakon.kz.

Today порталы ер адам 18 шілдеде өзін жайсыз сезінгенін жазады. Шұғыл көмекке жеткен дәрігерлер оны ауруханаға жеткізу үшін тікұшақ шақырады, бірақ оның жүрек қағысы белгілері тоқтағанын байқап, тапсырыстың күшін жояды.

Басылымның хабарлауынша, қызметкерлердің бірі жерлеу рәсімімен айналысушыларға хабарласып жатқанда, жедел жәрдем көлігі салонында болған итальяндық кенеттен көзін ашып, сайрап қоя берген. Ол бірінші кезекте қыздарына қоңырау шалуды сұрапты. Өзінің аман-есен екенін жеткізуді өтініпті. Осыдан кейін ер адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиға өте сирек кездесетін құбылыс - Лазар синдромы болып шықты. Ондайда адам ағзасы реанимациялық шараларды өзі атқарып, өзін-өзі қалпына келтіреді. 

Бұған дейін Швейцарияда сұлу келіншек аса қатыгездікпен өлтірілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: