Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде ер адам полицей мен дәрігерлердің көзінше төртінші қабаттан секіріп кетті

Полиция, Жаңаөзен, суицид, ер адам, биіктен секіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 18:35 Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзенде 28 қарашада сағат 17:30-да "Самал" ықшам ауданында ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды тежеуге тырысқанымен, бірақ, өкінішке қарай онысынан түк шықпады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жаппай бөлісіп жатыр.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Лада" порталы ер адамның әйелімен арада болған жанжалдан кейін өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші құмар ойындарға тәуелді болған. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу шаралары қолға алынды,  оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді полициядан.

Белгілі болғандай, ер адам бірнеше рет жарақат алған, бірақ тірі қалған. Жаңаөзен ауруханасының дәрігерлері оның тағдыры үшін 20 сағат күрескен.

"Бүгінде жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ аппаратына қосылған, гемодплазмотрансфузия жүргізіледі. Оның ауыр жарақаттары бар. Сол жақ жамбас сүйегінің ашық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің жабық сынығы, орнынан таю. Жабық бас миының жарақаты. Мидың шайқалуы. Кеуде тұсының жабық жарақаты. Ішкі құрылыс жарақаты, ішкі ағзалардың зақымдануы. Мойында және сол білектің төменгі үштен бір бөлігінің кесілген жарақаты. Сол жақ жамбас еттерінің жыртылуы. Ауыр дәрежедегі травматикалық, геморрагиялық шок", - дейді дәрігерлер.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: