Ақтауда көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінің терезесінен ер адам секіріп кетті

Ақтау қаласында 30 ықшам аудандағы "Інжу" көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінің терезесінен ер адам секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 13 сәуірде болған.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1974 жылы туған ер адам пәтердің терезесінен секіріп кетіп, сол маңда тұрған көліктердің үстіне құлаған. Алдын ала болжам – суицид.
"Аталған фактіге сәйкес, "Суицидке жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары қолға алынды. Істің өзге де материалдары тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - деп атап өтті департаменттен.
Егер өз-өзіне қол жұмсау немесе соған жеткізу фактісі дәлелденсе, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотталушыға бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылуы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript