Астанада көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен "шаптырған" ер адам видеоға түсіп қалып, жазаға тартылды

Көпқабатты тұрғын үй, Астана, терезе, дәрет сындыру, ер адам , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 21:17 Сурет: Zakon.kz
Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездегі терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 27 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды".

Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттерге міндетті түрде заң аясында тиісті шара қолданылады.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция формасындағы алматылық блогер әдепсіз би билеп, желіде көптеп қаралым жинағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: