Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 13:52 Фото: pixabay
Жапонияда аптап ыстық. Сынап бағанасы 41 градустан жоғарылаған.

Үкімет тұрғындардың денсаулығына алаңдап, мейілінше үйде отыруға кеңес берді.

"Рейтердің" хабарлауынша, ыстық күн райы әсіресе егде жастағы жандардың өміріне қауіп төндіріп тұр.

Ресми деректерге сай, осы жазда елде 53 мыңнан астам адам күн өтіп, ауруханаға түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұндай аптап ыстық Жапонияда осымен үшінші жаз қатарынан болып отыр.

Елдің солтүстік-шығысында жауын-шашын аз жауған. Бұл күріш алқаптарының өнімділігі үшін тиімсіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: