Қытайда 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусын жұқтырды

Анализ, анализы, больница, поликлиника, врач, врачи, доктор, доктора, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 14:33 Фото: Zakon.kz
Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты. Жергілікті билік ковид пандемиясы кезіндегідей алдын алу шараларын қолға алды.

Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетсек, чикунгунья адамнан емес, масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Гуандун дәрігерлерінің сөзінше, пациенттердің бәрі бұл аурудың жеңіл формасына шалдықты. Олардың 95 пайызы жеті күнннің ішінде үйлеріне қайтарылуы ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: