Аляскада Путин мен Трамптың тарихи келіссөздері басталды

Дональд Трамп, Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 00:38 Сурет: Facebook/White House
15 тамызда Аляскада Владимир Путин мен Дональд Трамптың тарихи келіссөздері басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздердің басында олар баспасөзге мәлімдеме жасаудан бас тартып, журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамыз күні Ресей басшысы Владимир Путинді Анкоридждегі әскери база әуежайында өзі күтіп алғанын хабарланған едік.

Сондай-ақ, президенттердің жеке кездесуінің орнына басқа форматтағы келіссөздер өтетіні – яғни екі ел көшбасшыларының кеңесшілері қатысатыны мәлім болды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт хабарлады.

Оның айтуынша, Трампқа мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф қосылады. Ал Путинге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президент көмекшісі Юрий Ушаков еріп жүреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: