БАҚ Путин – Зеленский – Трамп саммиті үшін Ататүрік атындағы әуежайды ұсынуда

Ататүрік атындағы әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 09:45 Сурет: wikimedia/Milan Suvajac
Milliyet басылымы Стамбулдағы Ататүрік атындағы әуежайды Украинаға қатысты ықтимал үшжақты саммит өткізуге ең қолайлы орындардың бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымның жазуынша, бұл жер қатаң қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға ыңғайлы. Біріншіден, әскери-транспорттық ұшақтар әуеқорғаныс жүйелерін жеткізе алады. Екіншіден, оларды қонған соң бірден орналастыруға мүмкіндік бар.

"Саммит өтетін ғимарат ұшақтар тұрағынан бар болғаны жүз қадам жерде орналасқан, бұл арнайы қызметтердің талаптарына сай келеді", – делінген жарияланымда.

Сонымен қатар, әуежай аумағы халыққа жабық, ал теңізге жақын орналасуы Түркия Әскери-теңіз күштерін қосымша қорғау үшін тартуға мүмкіндік береді. Саяси жағдай тұрғысынан да Ататүрік атындағы әуежай ең оңтайлы орын болып саналады.

"Түркия НАТО-ның мүшесі әрі ЕО-ға ресми кандидат. Сондай-ақ, Ресейге қарсы авиациялық эмбарго енгізген жоқ және Батыс санкцияларына қосылмаған", – деп атап өтеді сарапшылар.

Бұған дейін 18 тамызда Түркияда мемлекеттік қызметкерлердің ереуілге шыққандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: