Түркияда мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықты

Адамдар, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 09:28 Сурет: Facebook/Yusuf Yazgan
Түркияның мемлекеттік органдарында ереуілдер басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazete Arena басылымының жазуынша, мұндай шешімге себеп – инфляцияның 40%-дан асқанына қарамастан, 2026 жылға жалақыны алғашқы алты айда небәрі 10%-ға, ал екінші алты айда 6%-ға ғана өсіру жоспарланып отырғаны. Ал 2027 жылы жалақы әр алты ай сайын тек 4%-ға өсетіні күтіледі.

Сонымен қатар, үкіметтік комиссияның екінші отырысында базалық жалақыны мың түрік лирасына арттыру ұсынылған.

"Мұндай ұсыныс азық-түлік бағасы мен келіп жатқан коммуналдық төлемдер тұрғысынан қарағанда мазақ еткенмен бірдей. Өйткені қазір Түркияда бұл ақшаға небәрі бір келі ет қана сатып алуға болады", – деп атап өтті ереуілге қатысушылар.

Кейбір мемлекеттік мекемелер қаңырап бос қалды, себебі 18 тамызда ереуіл аясында жұмысқа мүлде ешкім шықпаған.

Бұған дейін Сербиядағы наразылықтарда алты полиция қызметкерінің жарақат алғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: