Түркияда "апельсин гүлі" карнавалы басталды
Сурет: Facebook/AnadoluAgencyRussia
5 сәуірде Түркияның Адана провинциясында 13-ші халықаралық "апельсин гүлі" карнавалы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Анадолу" агенттігі өзінің Facebook парақшасында жазғандай, карнавал "Әлем балалары" ұранымен түрлі іс-шаралардан басталды. Оңтүстік қала көшелерінде костюм шеруі өтіп, орталық саябақта концерт ұйымдастырылды.
Мерекенің басты оқиғаларының бірі, әйгілі Пабло Пикассо мұрасының көркем көрмесінің ашылуы болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар карнавалдың мәнін ашып көрсете алатын ең үздік суретті анықтау үшін фотомарафон жариялады.
Мереке театр мен спорттық жарыстар, көрмелер мен концерттерді қамтитын 50 іс-шарадан тұрады. Бұл ретте, карнавал 13 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін Израиль әскерінің мектепті бомбалағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

