Испанияда дәстүрлі қызанақ атысына 120 тонна көкеніс жұмсалды

Испанияда дәстүрлі қызанақ атысына 120 тонна көкеніс жұмсалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 10:16 Сурет: Х/MybusSpain 2
27 тамыз күні Валенсиядан шамамен 40 км қашықтықтағы шағын Буньоль қаласында Испанияның ең танымал мейрамдарының бірі – "Томатина" өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Pais басылымы жазғандай, фестивальге қатысқан мыңдаған адам бір-бірін 120 тонна қызанақпен атқылаған. Әлемге танымал бұл көкөніс шайқасы жыл сайын тамыздың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі.

"Дәстүр бойынша фестиваль ең епті қатысушылар майға малынған бағанаға өрмелеп, жүлде ретінде хамонды алуға тырысатын жарыстан басталды. Түске қарай орталық алаңға бірнеше жүк көлігі қызанақ әкелді", – делінген ақпаратта.

Әдетте қызанақ шайқасы шамамен бір сағатқа созылады. Сондай-ақ, бұл ерекше мейрам Испанияда теледидар арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бәрі аяқталған соң көшелер мен үйлердегі қызанақ қалдықтарын су шлангілері мен өрт сөндіру машиналарының көмегімен жуып тазартады.

Бұған дейін "Шрек 5" мультфильмінің жарыққа шығу күні тағы да кейінге шегерілгенін жзаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: