Түркияда туристер тобы дүкен иесін соққыға жыққан, олардың бұл әрекеті жаппай төбелеске әкелді

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 10:11 Фото: pexels
Түркияның Анталья курортында Ұлыбританиядан келген алты турист дүкен иесін соққыға жыққаннан кейін жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Turkiye Today басылымының жазуынша, оқиға Ататүрік бульварында орналасқан жергілікті дүкенде басталған. Туристер мен дүкен иесі арасында жанжал шығып, артынша демалушылар ер адамды аяусыз соққыға жыққан.

Жақын маңдағы дүкендердің қызметкерлері араша түспек болғанда, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Туристердің бірі тіпті сатушыларға жиектастарды лақтырған, артынша төбелеске тас пен таяқ қолданылған.

Оқиға орнына полиция келгенде, ашуға булыққан туристер жақын маңдағы қонақүйге тығылуға мәжбүр болған.

Қазір Түркия билігі оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

Бұған дейін Еуропаға жол тартып бара жатқан кемеде шамамен 70 адам сиқыр жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: