Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
Сурет: pixabay
Непалда коменданттық сағат мерзімі жұмаға дейін ұзартылды. Дегенмен шектеу шарттары сәл де болса жұмсартылды. Себебі елде тыныштық орнаған.
Бүгіннен бастап белгілі бір уақыт аралығында тұрғындар үйлерінен шұғыл істерге байланысты шыға алады.
Непалдағы тәртіпсіздіктерге үкіметтің тіркелмеген әлеуметтік желілерге шектеу қоюы түрткі болды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 30-ға жетіп, мыңнан астам адам жараланған.
Қоғам талабымен премьер-министр қызметінен аластатылды.
Армия елдің уақытша лидерін анықтау үшін бүгін шерушілермен келіссөз жүргізбек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript