Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды

Қуандық Бишімбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 17:18 Сурет: facebook/Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанат Нүкенованың өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы екі айға, 9 наурызға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Kazinform хабарлады.

"2024 жылғы 9 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзартуды санкцияланды", - деп хабарлады сот басылымға.

Сондай-ақ Астана соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болды.

Кейінірек Салтанат Нүкенова қаза тапқан "Гастро-центр" директоры да қамауға алынғаны белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: