Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берді

Бишімбаев ісі, Астана, Қазақстан президенті, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 11:13 Сурет: akorda.kz
2023 15 қараша күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында президент әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қоса Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

"Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел", – деді президент.

Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді.

2023 жылғы 9 қараша күні кешкілік БАҚ-тарда Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Қайғылы жағдай астанадағы Bau мейрамханасында болған. 

10 қараша күні ҚР ІІМ экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын растады.

11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"BAU" мейрамханасындағы әйел өлімі фактісін тергеу аясында "Гастро-центр" директорына қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары Астана полиция департаменті бастығының тікелей қабылдауына кірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: