Чарки Кирк: АҚШ вице-президенті белсендінің табытын көтерді
Сурет: Х/VP
Вице-президент марқұм Кирктің әйелі, оның екі кішкентай баласы және ата-анасымен бірге Солт-Лейк-Ситиден ұшып шыққан. Daily Mail дерегінше, саясаткер өз ұшағымен штатқа келіп, қаза болғанды Аризона штатының Финикс қаласындағы туған жеріне жеткізуге атсалысқан.
Марқұмның денесі Роланд Р. Райт атындағы Ұлттық гвардияның әскери базасына жеткізілді. Вэнс салтанатты форма киген әскери қызметкерлерге табытты ұшаққа кіргізуге көмектесіп, процеске өзі жетекшілік етті.
VP JD Vance helped load Charlie Kirk’s casket onto Air Force Two.#CharlieKirkshot #CharlieKirkdead #CharlieKirk #UtahValleyUniversity #Utah #guncontrol #EnoughlsEnough #ENOUGH pic.twitter.com/jGSGYdtSlI
— Breaking News Worldwide (@FelizKarenP1) September 11, 2025
Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады.