Ресейде адамдарымен бірге суға кеткен жол талғамайтын көліктің видеосы жарияланды

Ресейде сүңгуірлер су астындағы жол талғамайтын көлікті бейнежазбаға түсірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 09:38 Сурет: Забайкалье өлкесінің азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі департаменті
Ресейдің Забайкалье өлкесінде сүңгуірлер Амудиса көлінде суға батып кеткен, ішінде бес адам қаза тапқан вездеходты видеоға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, шынжыр табанды көлік таудан түсу кезінде тежеу жүйесінің істен шығуы салдарынан апатқа ұшыраған. Оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өлкелік Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі департаментінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару операциясы бес қаза тапқан геологтың денесін судан шығаруымен аяқталды.

"Забайкалпожспас" сүңгуірлері суға батқан вездеходтың ішінен екі адамның денесін алып шықты. Амудиса көлінде, Калар ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері марқұмдардың денесі тану үшін орталық аудандық ауруханаға жеткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ ауыр техника көмегімен суға батқан вездеходты жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Парижден ұшқан ұшақтың әуежай диспетчерін оятпайынша қона алмағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: