Пентагон америкалық баспасөзді бақылауға алмақ
Сурет: Х/PeteHegseth
Пентагон өзінің қызметіне қатысты мәлімет тарататын тілшілерге Қарулы күштер мақұлдамаған ақпаратты жариялауға тыйым салды. Аталмыш талап құпия емес мәліметтерге де қатысты. Бұл туралы The Washington Post басылымы Пентагон атынан БАҚ-тарға жіберілген құжатқа сілтеме жасай отырып жазды.
АҚШ Қорғаныс министрлігі (Трамп әкімшілігі оны жақында "Соғыс министрлігі" деп қайта атаған) таратқан 17 беттен тұратын нұсқаулықта бұл саясатты сақтамаған журналистер Пентагонға кіруге мүмкіндік беретін аккредитациясынан айырылуы мүмкін екені жазылған.
"Пентагонның жаңа шектеулері АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалық бұқаралық ақпарат құралдарына қысымды, сот талаптарын және қауіптерді күшейтіп жатқан шағында енгізілді", – деп жазады журналистер.
Қорғаныс министрі Пит Хегсет әлеуметтік желідегі жазбасында жаңа шектеулерге түсініктеме беріп, "Пентагонды баспасөз емес, халық басқарады" деп атап өтті. Ол сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне америкалық әскери штаб-пәтер ішінде еркін жүруге рұқсат берілмейтінін айтты.
"БАҚ өкілдеріне күзетілетін нысан дәліздерінде емін-еркін жүруге енді рұқсат жоқ. Ережелерге бағыныңдар – болмаса үйлеріңе қайтыңдар",- деді ол.
The "press" does not run the Pentagon — the people do. The press is no longer allowed to roam the halls of a secure facility. Wear a badge and follow the rules — or go home. pic.twitter.com/nkG1m6bW3z
— Pete Hegseth (@PeteHegseth) September 19, 2025
Бұған дейін Канада, Ұлыбритания және Австралия Палестинаның мемлекеттілігін мойындағанын жазғанбыз.