Зеленскийдің жұбайы Мелания Трамппен бірге суретке түсті

Зеленскийдің жұбайы Мелания Трамппен бірге суретке түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 11:52 Сурет: Telegram/Olena Zelenska
25 қыркүйекте Украина президентінің жұбайы Елена Зеленская өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамппен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Мелания Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте Елена Зеленскаямен жеке екіжақты кездесу өткізу туралы ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол себепті форумның ашылу күні Зеленскаяны тек ресми түрде қарсы алғаны ғана айтылған. Бұл туралы Мелания Трамптың баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Сурет сипаттамасында Елена Зеленская Мелания Трамппен мұқтаж балаларға көмек көрсету бағытындағы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Ол балалық шақты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

Сурет: Telegram/Olena Zelenska

Бұған дейін Ердоғанның суреті Нью-Йорктің қақ төріне ілінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: