Ердоғанның суреті Нью-Йорктің қақ төріне ілінді

Ердоғанның суреті Нью-Йорктің қақ төріне ілінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 10:44 Сурет: Х/RTErdogan
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның фотосуреті Нью-Йорктің басты көшелері мен даңғылдарында ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотосуретте "Әлем – бесеуден үлкен" және "Әділетті әлем құруға болады" деген сөздер жазылған. Бұл – БҰҰ жүйесін реформалауға шақырып жүрген Түркия көшбасшысының жыл сайын қайталайтын әйгілі үзінділері, деп жазады түрік басылымы Anadolu Ajansı.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзінде Ердоған бұл халықаралық ұйымды реформалау қажеттігін тағы да атап өтті.


"Күш емес, әділет үстемдік ететін жүйе құрылғанға дейін, біз "Әлем – бесеуден үлкен!" деп айтуды жалғастырамыз", – деді ол.

Бұған дейін Зеленскийдің Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуді ойлап отырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: