Ердоғанның сөз сөйлеуіне кедергі келтірген 9 белсенді қамауға алынды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 13:46 Фото: pexels
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзін бөлген 9 адам сотқа дейінгі тергеу барысында қамауға алынды.

Оқиға мемлекет басшысы Ыстамбұлдағы форум кезінде сөз сөйлеп жатқанда болған.

Бірнеше адам Ердоғанның сөзін бөліп, түрік үкіметін эмбаргоға қарамастан Израильге мұнай экспортын тоқтатпағаны үшін сынға алды.

Сонымен бірге "геноцидті ушықтыруды тоқтат" деп ұрандатқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Полиция демонстранттарды шара өтіп жатқан ғимараттан шығарып жіберді.

Кейін оларға "президенттің ар-намысына тиді және заңсыз шеруге қатысты" деген айып тағылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: