Әлемдік нарықта алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 09:25 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Әлемдік нарықта алтынның бағасы шарықтап, унциясы 4 мың доллардан асты. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Экономистер мұны әлемдегі саяси шиеленістер, санкциялар және инвесторлардың белгісіздік кезеңінде қаржыны қауіпсіз активтерге аударуының салдары деп түсіндіреді.

Жыл басынан бері алтын шамамен 50% қымбаттады. Даниел Альтманның айтуынша, дағдарыс кезінде алтын инфляциядан қорғану құралы болып саналады: оның құны тұрақты және девальвацияланбайды. Сұраныс артқан сайын бағасы да өседі, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазақстанда бір ай бұрын бір грам алтын 58 мың теңге болса, қазір 69 мың теңгеден саудалануда. Ұлттық банк құйма алтынды теңгенің құнсыздануына қарсы құрал ретінде пайдаланады. Қажыгелді Шамбыл алтын бағасының халыққа тікелей әсері жоқ екенін, ал оның өсімі макроэкономикалық тұрақтылық пен Ұлттық банк саясатына байланысты екенін атап өтті.

Бағаның өсуіне байланысты инвестициялық монеталар мен құймаларға сұраныс артқан. Сарапшылар барлық жинақты тек алтынға салудың қауіпті екенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: