Атақты миллионер ұлының көңілдесін соққыға жыққан адамға қомақты сыйақы беруге уәде берді

Миллионер, Родтхонг, Кәсіпкер, Тайланд, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 12:35 Сурет: Facebook/สวีนิวส์ออนไลน์
Тайландта танымал миллионер Арнон Родтхонг ұлының көңілдесін соққыға жыққан адамға 30 мың бат (шамамен 498 241 теңге) беруге уәде етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Thaiger басылымының жазуынша, дуриан саудасынан байыған кәсіпкер бұл "іскерлік ұсынысын" әлеуметтік желіде жариялаған.

Родтхонгтың айтуынша, шабуыл нысаны – Он есімді әйел болмақ. Ол бұрын миллионердің шаруашылығында жұмыс істеген, кейіннен оның жиеніне тұрмысқа шыққан. Алайда жақында оның кәсіпкердің ұлымен жақын қатынасы бар екені анықталған.

"Лангсуан маңындағы барлық топтарға айтамын. Ұлымның көңілдесін сабап берген кез келген адамға 30 мың бат төлеймін. Оған кем дегенде 10 шапалақ беру керек. Тапсырманы орындаған адам ақшасын алады", – деп жазды Родтхонг.

Кәсіпкер әйелді өзі жазалай алмайтынын, себебі жас емес екенін айтып, осы себепті басқа біреудің көмегіне жүгінуді ұйғарған. Оның пікірінше, Он есімді әйелді сабау – отбасының абыройын қорғау.

Сондай-ақ Родтхонг полиция қызметкерлеріне де үндеу жасап, ұлының көлігін тексеруді сұрады. Айтуынша, онда тіркелмеген екі атыс қаруы бар.

Кәсіпкер ұлын қамауға алған полиция қызметкерлеріне 50 мың бат (шамамен 830 402 теңге) сыйақы беруге уәде етті. Оның сөзінше, ұлы жақында әйелі көңілдесімен ұстап алғаннан кейін, оған тапанша кезеніп қорқытқан.

Қазіргі уақытта полиция Родтхонгтың бұл әрекетіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал кәсіпкер әлеуметтік желіде ұлының опасыздығы туралы материалдарды жариялауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: