Астанада Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

Астанада Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан күдіктілер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 21:08 Сурет: pxhere
25 қыркүйекте Астанада Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазын соққыға жыққан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.

"Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: