Жаңалықтар тізбегі
0

Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғу оқиғасына қатысты тың мәліметтер жарияланды

Ұлттық ұлан сарбазы, пойыз, тамбур, ұрып-соғу, ІІМ, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 21:41 Сурет: Zakon.kz
Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Бұл туралы 2024 жылы 24 қыркүйекте ҚР ІІМ ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталғанын, бұл оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шыққан мерзімді әскери қызметшілердің үйге оралуы кезінде орын алғанын нақтылайды. 


"Аталған факт бойынша 2024 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды. Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Мемлекет басшысы пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрғандарды дереу жазалауды тапсырғаны хабарланған. ҚР Президентінің кеңесшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында: "...Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын", деп жазды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: