Үндістанда қорық күзетшісін жолбарыс талап өлтірді

Жолбарыс, ет қоректі, жыртқыш, мысық тұқымдас, аң, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 10:56 Сурет: pexels
Үндістандағы Перияр қорығында жолбарыс күзетшіні талап өлтірді. Жыртқыштың жемтігіне айналған адамды тану оңай соқпаған, мамандардың дерегінше ол – 32 жастағы Анил Кумар, деп хабарлайды Zakon.kz.

The News Indian Express басылымының жазуынша, күзетшінің сау тамтұғы қалмаған денесі Сабаримала орманындағы Поннампаламеду аймағынан табылған.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, Анил Кумар үш күн қатарынан жұмысқа келмегеннен кейін іздестіру жұмыстары басталған. Іздеу барысында оның денесі табылып, алдын ала мәлімет бойынша, ол жолбарыстың шабуылынан қаза тапқан.

Бұған дейін Испанияда қайтыс болған ер адамның 15 жыл бойы көмусіз қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: