Си Цзиньпин мен Дональд Трамп Пусан әуе базасында кездесті
Сурет: Х/PhoenixTV_News
Бұл – Трамптың Ақ үйге екінші рет оралғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы кездесуі. Кездесу екі көшбасшының қол алысуынан басталды. Трамп келіссөздердің сәтті өтуіне үміт білдіріп, Симен тамаша қарым-қатынаста екенін атап өтті.
#WATCH | Trump and Xi arrive in Busan for high-stakes talks aimed at achieving a trade truce amid renewed tensions between the two nations #Trump #XiJinping #USChina #TradeTalks #Busan #GlobalMarkets #Geopolitics pic.twitter.com/YU0pv1xMgY
— ET NOW (@ETNOWlive) October 30, 2025
Одан кейін келіссөздер өтті. АҚШ президенті келесілерді атап өтті:
- Қытай басшысын "ұлы елдің ұлы көшбасшысы" деп атады;
- АҚШ пен Қытай ұзақ жылдар бойы жақсы қатынаста болады деп үміттенетінін айтты;
- Екі ел көптеген мәселе бойынша келісімге келгенін және бұл кездесу арқылы одан әрі ілгерілеу болатынын жеткізді.
Журналистер Трамптан неге ядролық сынақтар өткізу туралы шешім қабылдағанын сұрағанда, ол сұраққа жауап бермей, баспасөз өкілдерін залдан шығаруды бұйырды.
🚨NOW: Trump and Xi exchange opening remarks at the negotiating table in 🇰🇷 Busan, South Korea.
— Wall Street Gold (@WSBGold) October 30, 2025
The tone of this first interaction will set the stage for the entire U.S.–China summit, markets are watching closely. 📊pic.twitter.com/aFB3N5okjw
Си Цзиньпин өз кезегінде Трамптың бейбітшілікті нығайту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қытай мен АҚШ барлық мәселеде бірдей пікірде бола бермейтінін де атап өтті.
"Менің ойымша, біз көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік, және дәл қазір тағы біраз нәрселерге қатысты мәмілеге келеміз", – деді АҚШ президенті.
Сидің айтуынша, жыл басынан бері АҚШ және Қытай көшбасшылары үш рет телефон арқылы сөйлесіп, бірнеше хат алмасқан. Ол екі елдің келіссөз жүргізушілері негізгі мәселелерді шешу бойынша ортақ ұстанымға келгенін және үміт күттіретін прогреске қол жеткізгенін атап өтті.
Кездесу Кимхэ әуе базасында өтуде. Бұл нысан Пусан қаласында, халықаралық әуежайдың шетінде орналасқан. Бұрын бұл жерде америкалық әскерилер орналасқан еді. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭС) саммитіне қатысу үшін келген.
Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде жарты сағат айырмашылықпен АҚШ-тың екі бірдей әскери ұшағы апатқа ұшырағанын жазғанбыз.