Берлин полициясы терактінің алдын алды

Берлин полициясы терактінің алдын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 12:41 Сурет: pixabay
Германия астанасында полиция Сирия азаматын ұстады, ол террорлық әрекет жоспарлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild басылымының мәліметінше, Абдалла Р. есімді күдікті 1 қараша күні ұсталып, қамауға алынған. Тергеу деректеріне сай, оның Берлинде үш мекенжайы болған. Тінту барысында одан жарылғыш зат жасауға арналған материалдар табылған.

Операцияға арнайы жасақ сарбаздары да тартылған.

Алғашында тергеу мәліметтері жария етілмегенімен, шабуыл нысаны Берлин қаласы болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Сирия азаматы 2 қараша күні сот алдында жауап берді.

Бұған дейін Алматыда 5 шетелдік теракт жасамақ болды деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: