Вьетнамда туристерге улы қоңыздар туралы ескерту жасалды

Вьетнамда туристерге улы қоңыздар туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 14:26 Сурет: wikipedia
Вьетнамда "Калмаэги" тайфунынан кейін улы томкат қоңыздары көбейіп, туристердің мазасын қашырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Life басылымы SHOT агенттігіне сілтеме жасап жазғандай, ылғалды әрі жылы ауа райы осы жәндіктердің көбейіп кетуіне өте қолайлы болып шықты. Томкаттар тұрғын үйлерге кіріп, еден, қабырға, сөрелер арқылы қозғалады.

Кейбір адамдар жергілікті дәрігерге жүгініп, оларға қарсы жақпа май алған. Томкат қоңыздарынан қорғану үшін туристер пәтерлерінің табалдырығына скотч жабыстырып, жәндіктерге қарсы аэрозольдер сатып алып жатыр.

Томкаттар шақпайды, бірақ олар шығаратын педерин токсині күйік, қышу және қызыл дақтар тудырады. Олардан кейін адамда буын ауруы, жүрек айну, ал кейде қызба байқалады.

Бұған дейін Түркияға демалуға келген ресейлік әйелдің бір аптадан бері ұшты-күйлі жоғалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: