Германияда Холокост құрбандарына тиесілі құжаттар сатылымға шықты

Германияда Холокост құрбандарына тиесілі құжаттар сатылымға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 09:57 Сурет: wikipedia
Германияның Нойс қаласындағы Felzmann аукцион үйі Холокост құрбандарына тиесілі 632 құжат пен затты сатпақ болған. Бұл шешім Аушвиц халықаралық комитетінің (IAK) сын-пікіріне себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Deutschlandfunk басылымы жазғандай, сатылымға қойылған заттардың арасында "Террор жүйесі. II том" деп аталатын құжаттар жинағы да бар. Онда концлагерь тұтқындарының хаттары, сондай-ақ нацистік қылмыскерлерге қатысты материалдар қамтылған.

"Холокостқа байланысты құжаттар – құрбандардың отбасыларына тиесілі. Олар музей экспозицияларына немесе еске алу көрмелеріне өткізілуі керек, тауарға айналмауы тиіс", – деп мәлімдеді IAK вице-төрағасы Кристоф Хойбнер.

Оның айтуынша, бұл аукцион – "арсыз шара". Хойбнер Felzmann аукцион үйін сауданы тоқтатып, "адамдық қарым-қатынас пен құрмет танытуға" шақырды.

Бұған дейін Мәскеуде тоғаннан 7-10 жас аралығындағы баланың бөлшектелген денесі табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: