Оңтүстік Африкада G20 саммиті басталып кетті
Сурет: twitter.com/g20org
"ОАР Жаһандық оңтүстік пен Африканың күн тәртібіндегі даму басымдықтары G20 күн тәртібінде көрініс табатынына кепілдік бергісі келеді", деп Bloomberg Рамафосаның сөзін келтіреді.
Оның айтуынша, саммитке қатысушы елдер Қорытынды декларация пункттерін өзара алдын ала келіскен.
"Саммитте декларацияны қабылдау әлемге мультилатерализм үміттерді ақтай алатын маңызды белгіні бере алады. Ол бейбітшілік пен ынтымақтастықтың хабаршысы болады", деп атап өтті Рамафоса.
Сондай-ақ ол қарыздың қолайлы деңгейі, несиені төлеудегі қиындықтар, халықаралық институттардың реформалары, қауіпсіз энергия көздеріне көшу, геосаяси шиеленіс сияқты проблемаларды да атап көрсетті.
Bloomberg мәліметтері бойынша, G20 қазір жабық есік жағдайында келіссөздер өткізіп жатыр.
Аталған декларация жобасында маңызды металдар жеткізілімін біржақты сауда шараларынан қорғауға үндеу тасталады.
Сенбідегі саммитке Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Канада премьер-министрі Марк Карни, Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Әли, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Цян, Франция президенті Эммануэль Макрон, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Германия канцлері Фридрих Мерц, Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди келді. Алайда бұл саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп келмей қалды. Ол Оңтүстік Африка билігін республикадағы ақ нәсілділер құқықтарын бұзды деп айыптаған.
Bloomberg мәліметінше, саммит алаңында Мерц, Макрон мен Стармер Украинаның айналасындағы жағдайды және АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын талқылауы мүмкін.