Австралияда әйгілі сиам егіздерін ажыратты, алайда олардың бірін құтқару мүмкін болмады
Сурет: pixabay
ABC News басылымының мәліметінше, жақында Том мен Савонг есімді сиам егіздері дүниеге келген, дәрігерлер оларды ертерек ажыратуды ұсынған. Дегенмен, кенеттен Томның жағдай күрт нашарлағандықтан, ота жоспарланған уақыттан бұрын жасалды.
Егіздер 9 қазанда Моробе провинциясында дүниеге келген. Олар іштің төменгі бөлігімен жабысып туған. Екі балада ортақ бауыр және асқазан-ішек жолдарының бөліктері болды. Сонымен қатар Томда туа біткен жүрек ақауы мен бір ғана бүйрек болғаны анықталды.
Томның организмдегі сұйықтық балансын сақтауға көмектесетін маңызды ақуыз – альбумин деңгейі де өте төмен болған. Операциядан кейін аман қалған Савонг дәрігерлер бақылауымен жан сақтау бөлімінде жатыр.
Папуа-Жаңа Гвинеяның премьер-министрі Джеймс Марапе мемлекет барлық медициналық шығындарды өз мойнына алғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қытайда метро құрылысы бес адамның өліміне әкелгенін жазғанбыз.