Камбоджа мен Таиланд арасындағы қақтығыс өршуде

Камбоджа мен Таиланд арасындағы қақтығыс өршуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 11:06 Сурет: pixabay
Камбоджа Қарулы күштері жалғасып жатқан қақтығыс фонында Таиландпен шекара маңына Т-55 танктері мен БМ-21 "Град" реактивті залп беретін жүйелерін жөнелтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV дерегінше, бұл ретте Таиландтың F-16 жойғыш ұшақтары қарсы тараптың тірек пункттеріне, қоймаларына және жақындап келе жатқан қосымша күштеріне соққы беріп жатыр.

Таиланд билігінің мәліметінше, F-16 ұшақтары құрлықтағы бөлімшелерге тікелей авиациялық қолдау көрсету үшін жіберілген. Оларға Таиланд аумағын атқылаған камбоджиялық артиллерияның позицияларына соққы жасауға бұйрық берілген. Операция жалғасып жатыр, деп мәлімдеді билік өкілдері.

Таиланд Камбоджамен болған қақтығыс кезінде бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы сегізі жараланғанын хабарлады. Шекарадағы қақтығыстар жексенбі күні басталған.

Бұған дейін Қытайда метро құрылысы бес адамның өліміне әкелгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: