Леонардо Ди Каприо Time журналының нұсқасы бойынша "жыл әртісі" атанды

Леонардо Ди Каприо Time журналының нұсқасы бойынша "жыл әртісі" атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 14:15 Сурет: Instagram/leonardodicaprio
Америкалық актер, "Оскар" сыйлығының иегері Леонардо Ди Каприо Time журналының нұсқасы бойынша "жыл әртісі" ретінде танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Time журналы Ди Каприоны "жыл әртісі" деп атап, оның ұзақ жылдар бойғы табысты шығармашылығын және Пол Томас Андерсонның "Битва за битвой" фильміндегі басты рөлін жоғары бағалаған.

Сурет: Джорди Вуда Time журналы үшін түсірген

Time басылымының кинокритигі Стефани Захаректің айтуынша, Ди Каприо "көп актер армандайтындай мансап құрған". Ол актерлік жолын 15 жасында, Джеймс Диннен шабыт алып бастаған. 1993 жылы Роберт Де Ниромен бірге "Жизнь этого парня" драмасында ойнады. Кейінірек Disney студиясының тиімді келісімінен бас тартып, "Что гложет Гилберта Грейпа" атты тәуелсіз драмаға түсуге бел буып, айтарлықтай танымалдылыққа ие болған.

2016 жылы актер "Выживший" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" жүлдесін жеңіп алды.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: