Түркияда алтынның бағасын естіген әйел есінен танып қалды
Сурет: pixabay
Ozgur Kocaeli басылымының жазуынша, бұл оқиға алтын бағасының күрт қымбаттауына қоғам назарын тағы да аудартты. Зергерлік дүкендердің бірінде сатушы бір грамм алтынның құнын айтқанда, сатып алушы әйел өзін жаман сезініп, талып қалған.
Кейінірек ол әлеуметтік желілерде болған жайтты әзілмен баяндап, алтынның бағасын естіген соң есінен танып қалғанын жазды. Айтуынша, бір грамм алтынның бағасы 5 920 түрік лирасы, бұл шамамен 72 мың теңгеге тең.
في تركية سألت زبونة موظف متجر مجوهرات عن سعر غرام الذهب.. وعندما أخبرها البائع أن السعر وصل إلى 5,920 ليرة أغمي عليها 🤯pic.twitter.com/H4ebo6vTJ3
— Insider Mix (@InsiderMix1) December 16, 2025
Жазба желіде жылдам тарап, қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары алтынның қымбаттауына наразылық білдіріп, "мұндай бағаны естісең, шынымен есіңнен танып қалуың мүмкін" деп жазды.
"Алтын сатып алу енді орындалмас арманға айналды", – деп түйіндеді пікір қалдырушылар.
Бұған дейін Мексикада депутат әйелдер кеңес отырысында төбелесіп қалғанын жазғанбыз.