АҚШ-та өтімді компьютерлер құны шарықтады

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 10:13 Фото: pexels
Американдық Dell корпорациясы 17 желтоқсаннан бастап компьютерлерінің бағасын 10%-дан 30%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Business Insider басылымының жазуынша, 9 желтоқсанда компания басшылығы өнімдердің қымбаттайтындығы жайлы алдын ала БАҚ арқылы ескерткен.

Онда экономикалық жағдайларға байланысты корпоративті тапсырыс берушілер үшін дербес компьютерлердің (ДК) бағасы 17 желтоқсаннан бастап қымбаттайтындығы айтылған.

Осыған байланысты, журналистер дербес компьютерлер қарапайым тұтынушылар үшін бірден қымбаттамауы керек екенін атап өткен. Дегенмен, Dell-дің корпоративті секторға бағдарлануы жедел жад тапшылығы салдарынан қарапайым пайдаланушылар үшін де бағаның өсуіне әкелді. Айта кетсек, компанияның коммерциялық дербес компьютерлерді жеткізу бизнесі жылдық кірістің 85%-ын құрайды.

Осылайша, компания өкілдерінің бірі бағаның 10-30% дейін өсетінін жасырмады.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, DRAM және NAND жад нарығындағы дағдарыс кем дегенде 2026 жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.

Бұған дейін алтынның құны тағы көтерілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: