Трамптың жақтастары оның денсаулығына алаңдаулы

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 12:20 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығы көпшілікті алаңдатып қойды. Бұған Трамптың ұшақтан баяу түсуі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Beast басылымының "Американы қайтадан ұлы етейік" қозғалысының белсендісі Пол Виллареалдың X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған видеосына сілтеме жасай отырып жазуынша, республикашыл саясаткердің ұшақ баспалдағымен ыңғайсыз түсуі оның денсаулығына қатысты жаңа талқылауларға түрткі болды.

Бейнежазбада саясаткер төмен түсер алдында оң аяғын алақанымен үш рет қағып, содан кейін тұтқадан ұстап, баспалдақтан баяу түскені байқалады.

Ұшақтан түскен соң АҚШ басшысы күзет қызметкерлерімен бірге көлікке отырған. Көліктің терезесі арқылы оның қолына сусын құйылған бөтелке алғаны көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, бұл диеталық кола болуы мүмкін.

Бұған дейін Трамптың ұшақтағы дәретхана маңында тілшілермен сұхбат құрып, келеңсіз жайтқа тап болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: