Рим Папасының жерлеу рәсімі Трамптың жеке шоуына айналуы мүмкін

Рим Папасының жерлеу рәсімі Трамптың жеке шоуына айналуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 10:25 Сурет: vaticannews.va
Желі қолданушылары Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімін АҚШ президенті Дональд Трамптың алдағы шоуына теңеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 сәуірде, сенбі күні, сағат 10:00-де Әулие Петр базиликасының алдында Папа Францисктің жерлеу рәсімі – Рим Папаларын жерлеу тәртібімен өтетін аза тұту мессаcы өтеді. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет: vatican.va

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Папа Францискті жерлеу саяси ишаралардың аренасына айналуы мүмкін. Мәселен, АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Меланиямен бірге Римге баратынын мәлімдеді. Бұл – оның Ақ үйге қайта оралғаннан кейінгі шетелге алғашқы сапары болмақ.

"Біз Меланиямен бірге Папа Францисктің жерлеуіне Римге барамыз", – деді Трамп.

Римді алғашқы халықаралық сапар нысаны ретінде таңдауы бақылаушыларды таңғалдырды. Әдетте АҚШ президенттері алдымен Лондонға баратын. Наурыз айында Трамп бұл дәстүрден тек тиімді инвестициялық келісім болған жағдайда ғана бас тартатынын айтқан еді.

"Сонымен қатар, бұл сапар Италия премьері Джорджия Мелонимен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етуі мүмкін", – деп болжады желі қолданушылары.

Жақында Мелони – Трамп Ақ үйде қабылдаған алғашқы еуропалық мемлекет басшысы болды. Болжам бойынша, Трамп жерлеуге барған кезде Мелонидің шақыруын қабыл алып, Еуропаның рөлі мен сауда баждары жайлы мәселені қарастыру мүмкін.

Украиналық БАҚ-тың мәліметінше, Владимир Зеленский де басқа мемлекет басшыларымен қатар понтификпен қоштасуға барады.

"Не шынымен қайғырып жүр, не Трамптың көзіне түсуді қалайды", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Бұған дейін Үндістанда Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: