Еуропаның үш елінде табиғат мінез танытып жатыр: зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар

Қатты жел, ағаштардың құлауы, Швеция, Финляндия, Норвегия, табиғи апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 16:18 Сурет: t.me/dwglavnoe
Йоханнес теңіз дауылы салдарынан Швеция, Норвегия және Финляндияда қалың қар жауып, қатты жел тұрды. Салдарынан электр желілері үзіліп, ондаған мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Йоханнес" теңіз дауылы мен одан туындаған қатты жел әрі жауған қалың қар көлік пен паром қатынасын да тоқыратып қойды, деп жазады DW.

Швецияда 40 мың үй жарықсыз қалды. Стокгольмнан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Сандвикен қаласында үстіне ағаш бұтағы құлап, ер адам қайтыс болды.

Hemab энергетикалық компаниясының қызметкері де опат болды. Ашық аспан астындағы жұмыстарды орындау кезінде оған да ағаш құлады.

Финляндияда дауылды жел Женевадан ұшып келген Swiss Airlines жолаушылар ұшағын ұшу-қону жолағынан ұшырып кете жаздады. Әбүйір болғанда оны үйілген қар ұстап қалды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Эйфель мұнарасы маңында отшашу атқандар жаппай ұсталып жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: