Польшадағы басты шырша Корольдік сарай маңында Жаңа жыл түнінде жанып кетті

Новый год, новогодний праздник, празднование, празднования, новогодние каникулы, зимние каникулы, новогодние выходные, новогодние праздники, новогодние украшения, новогоднее оформление города, новогодние декорации, новогодняя елка, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 12:49 Фото: Zakon.kz
1 қаңтар түнінде Варшавадағы Замковая алаңында Польшадағы басты Жаңа жыл шыршасы тұтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шыршаның биіктігі 27 метрді құрап, ол Корольдік сарайдың қасында тұрған, деп жазды TVP World.

Оқиға кезінде алаңда Жаңа жыл мерекесін атап жатқан мыңдаған адам болған. Көрермендердің назарын шыршаның жоғарғы бөлігінен шыққан түтін аударған. Полиция мәліметінше, өрт фейерверк пен петард жарылыстарынан шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер бірден жетті. Өрт тез арада сөндірілді, ал Корольдік сарайдың кезекші қызметкері шыршаның электрмен қамтамасыз етілуін алдын ала өшіріп, оны құтқаруға көмектескен.

Жалпы, Польша астанасында Жаңа жыл мерекесі тыныш өтіп, ірі оқиғалар тіркелмеді. Бірнеше шақыртулар тек пиротехника қалдықтарынан болған қоқыс өрттерімен байланысты болды.

Айта кетейік, Жаңа жыл түнінде Швейцария Альп курортында трагедия орын алды. Сонымен қатар, Амстердамдағы тарихи шіркеу де осы түнде өртенген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: