Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, Венесуэладан әкетілді: Трамп ресми мәлімдеме жасады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 14:24 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайының ұсталып, ел аумағынан тыс жерге әкетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның басшысы – президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті өткізді. Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден тыс жерге шығарылды. Аталған операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді. Қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады. Баспасөз мәслихаты бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді", – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Венесуэланың астанасы Каракаста АҚШ-пен арадағы шиеленіс аясында жарылыстар болғаны хабарланған еді. Одан кейін Колумбия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті. Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: