21 жастағы мәскеулік қыз пилондағы жаттығулардан кейін вирустық ауруға шалдыққан

21 жастағы мәскеулік қыз пилондағы жаттығулардан кейін вирустық ауруға шалдыққан , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 12:30 Сурет: freepik
Мәскеу қаласының тұрғыны стрип-пластикамен айналысқаннан кейін терінің вирустық ауруы – контагиозды моллюскті жұқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

SHOT басылымының мәліметінше, 21 жастағы Анастасия бастапқыда денесіндегі өзгерістерді жай ғана тері қабынуы деп ойлаған. Алайда дәрігерлер тексеруден кейін оған "контагиозды моллюск" диагнозын қойған.

Ауру кезінде теріде қызғылт, інжу түстес, жартылай домалақ түйіндер пайда болады.

Бұл дерт жанасу арқылы жұғады, ал иммунитет әлсіреген жағдайда жұқтыру қаупі жоғарылайды. Спортшы қыздың айтуынша, инфекцияның тарауына гигиеналық талаптар сақталмаған залдардағы пилонмен жаттығулар себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол би кезінде еденде жиі жаттығатынын айтты. Дәрігерлердің сөзінше, соңғы уақытта мұндай жағдайлар жиі кездесуде.

Бұған дейін Филиппинде қатты жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: