"Арыстан патша" мультфильмінің режиссері қайтыс болды
Сурет: pixabay
Диснейдің "Арыстан патша" мультфильмінің режиссерлерінің бірі Роджер Аллерс 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды 18 қаңтарда американдық продюсер Дэйв Боссерт өзінің Facebook парақшасында жетізді. Ол Аллерсті "ерекше дарынды суретші және режиссер", сондай-ақ "Дисней анимациясының қайта өрлеуінің шынайы тірегі" деп атады.
Аллерс Диснейдегі мансабын 1982 жылдан бастады. Ол "Оливер және компания" және "Кішкентай су перісі" фильмдерінде сюжеттік тақта суретшісі болды, содан кейін "Сұлу мен құбыжық" фильмінің сюжетін жазды. Мұнымен қоса, "Арыстан патша" мультфильмінің ортақ режиссері болды.

Сурет: Telegram/Ateo Breaking
Бұған дейін Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүние салғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript