Ресейде гинеколог науқастың ішінде құралын қалдырып кеткен

Больница, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, операция, операционная, медицинские инструменты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 11:45 Фото: pexels
Ресейде гинеколог дәрігер тексеру кезінде науқастың жатырының ішінде жағынды алуға арналған эндоцервикалдық щетканы ұмытып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігер бастапқыда өз кінәсін мойындамаған. Соның салдарынан жәбірленуші әйелге басқа клиникада операция жасатуға тура келген. Бұл туралы тәуелсіз сот-медициналық сарапшы, заңгер әрі жәбірленушінің өкілі Юрий Кириленков Instagram парақшасында жазды.

Заңгердің айтуынша, дәрігер қабылдауынан кейін науқастың жағдайы кенеттен нашарлаған. Дене қызуы көтеріліп, іштің төменгі тұсы қатты ауыра бастаған. Әйел қайтадан сол клиникаға барып, ультрадыбыстық тексеруден өткен.

Сурет: Instagram/sudmed_expert_kirilenkov

УДЗ кезінде маман науқастың жатырында бөгде зат барын анықтаған. Ол – эндоцервикалдық щетка болып шыққан. Алайда гинеколог бұл жайтқа мән бермей, оны контрацептивтік спираль болуы мүмкін деп болжаған. Ал жәбірленушінің айтуынша, ол ешқашан спираль салдырмаған.

Жәбірленуші тарап өкілінің пікірінше, гинеколог құралдың бір бөлігі сынып қалғанын байқамауы мүмкін емес, яғни ол бұл туралы әдейі үндемей қалған.

"Онкоцитологияға жағынды алу — қалыпты жағдайда мұндай асқынуларға әкелмейтін стандартты процедура. Егер қандай да бір асқыну болса, дәрігер дереу әрекет етіп, мәселені жоюға міндетті. Ал адамның ағзасында бөгде затты жасырын қалдыру – өрескел қателік", – деп жазды заңгер.

Сурет: Instagram/sudmed_expert_kirilenkov

Бұған дейін радардан жоғалып кеткен ұшақтың Индонезиядағы шың басынан табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: