Ресейде түн ішінде биіктен шолу дөңгелегінде ер адам қалып қойды

Ресейде биіктен шолу дөңгелегінде ер адам қалып қойған , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 10:36 Сурет: pixabay
Ростов-на-Донуда аттракциондар паркінің қызметкерлері биіктен шолу дөңгелегінде (колесо обозрения) жергілікті тұрғынды ұмытып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 17 мамырға қараған түні Қазан төңкерісі саябағында болды. Ер адам кешке қарай "бір аспан" атты биіктен шолу дөңгелегіне отырған. Күтпеген жерден, аттракцион биіктікте тоқтап, сөніп қалған. Бұл ретте, карусельдің биіктігі – 65 метр екенін айта кеткен жөн. 

Өз кезегінде саябақ өкілі жағдайды бақыламағанын және ер адамды шынымен ұмытып кеткендігін мойындады. Биіктікте қалып қойған келуші кабинаның терезелерін ашып, айғайлай бастаған. Шуды естіген күзетші жүйені қайта іске қосу үшін маманды шақырды.

Ер адам жерге түскеннен кейін оқиғаға белсенді түрде шағымданған. 

"Шамасы, ақша алғысы келеді. Мұның қалай аяқталатыны белгісіз", – деп түсіндірді қызметкерлер.

Саябақта аттракцион штаттық режимде жұмыс істейтінін және оқиға зерттеліп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Нигерияда қайық аударылып, 40 шақты адамның қайтыс болғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: