Астанада шолу дөңгелегінде коммуналдық қызмет мамандарының фотосуреттері жарияланды
65 метрлік аттракционда жарияланған суреттер қаланың әртүрлі тұсынан көрінеді және астаналықтар мен туристердің назарын еріксіз аударады.
"Бұл бастама елордамыздың тазалығы мен абаттандырылуы жолында еңбек ететін мамандардың маңызды рөлін еске салады",- делінген әкімдік ақпаратында.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елорданың басты туристік нысандарының біріне алғыс сөздер мен фотосуреттерді орналастыру экологиялық акцияның маңыздылығының символына айналды. Биыл бастау алған "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы қаланың тазалығын сақтау үшін еріктілер мен белсенді азаматтардың басын қосады.
Айта кетейік, осыған дейін бұл аттракционда "Таза Қазақстан" цифрлық жазуы да жарияланған. Биіктігі 65 метрлік шолу дөңгелегі 53 мың пиксельмен жабдықталған, бұл оған әртүрлі визуалды элементтерді жариялауға мүмкіндік береді. Ол елорданың Нұра ауданында орналасқан.
"Біздің жұмысымыз көбіне байқала бермейді, ал мұндай жазу үлкен мотивация береді", – дейді коммуналдық қызмет мамандарының бірі.
Бұған дейін Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталғаны хабарланған болатын.