Түркияда оқушыларға демалысқа орай жүк көлігімен қар сыйлады

Түркияда оқушыларға демалысқа орай жүк көлігімен қар сыйлады , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 12:43 Сурет: nazilliadalet
Түркияның Герменджик қаласында мектеп оқушыларына қысқы демалыс құрметіне орай үш жүк көлігімен қар әкелінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияда екі аптаға созылатын мектеп демалысы сенбі, 17 қаңтарда басталды. Осыған байланысты жергілікті билік "қар мерекесін" ұйымдастырған. OdaTV телеарнасының мәліметінше, жүк көліктері қаладағы үш түрлі ауданға қар түсіріп кеткен.

Сурет: nazilliadalet

Белгілі болғандай, бұл өңірде қар соңғы рет 2012 жылдың ақпан айында жауған. Ал елдің басқа аймақтарында биылғы қыс қарлы болып тұр.

"Біз балаларға қар әкеліп беруге уәде еткен едік. Сол үшін Измир облысындағы Өдемиш ауданының әкімшілігінен қар бөлісуді сұрадық. Балалардың қуанышы біз үшін бәрінен қымбат", – деді қала әкімі Бурак Зенджирджи.

Бұған дейін қытайлық ғалымдардың балалардың тілдік қабілетін жақсартудың қарапайым жолын тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: